Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайттың жай нұсқасы

«Павлодар қаласының ветеринария бөлімі» ММ Қазақстан  Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 қаулысына сәйкес ветеринария саласында келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

1Халықаралық эпизоотиялық бюро Ресей Федерациясының аумағында жоғары патогенді құс тұмауын тіркеді.

Тұмау Курск, Пенза және Самара облыстарында тіркелген. Ақпаратқа сүйенер болсақ, аумақтарда эпизоотиялық жағдай ушықты, бұл жабайы құстардың көші-қонының салдарына және жоғары патогенді құс тұмауының қауіптері бар екендігін куәләндірады.

12018 жылдың 23-24 маусымда  «Баянтау» спорт сарайында  мемлекеттік қызметкерлер арасында  облыстық спартакиада бағдарламасы бойынша волейболдан жарыс өтті. Жарыстың мақсаты халықтың күнделікті өміріне дене шынықтыру және спортты кеңінен насихаттау, сонымен қатар ұжымдағы спорттық сауықтыру жұмыстарын жаппай көтеру.  Жарысқа  «Павлодар қаласының ветеринария бөлімі» ММ қызметкерлері белсене қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша ветеринария бөлімі мемлекеттік органдардың  5 волейбол командалары  арасында I орынды иеленді.

1Санитарлық және ветеринарлық бақылау нормаларын сақтау мақсатында Суворов көшесі 11 мекен-жайы бойынша өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкесіндегі сатылатын ет өнімдері маусымдық жылумен және ауа температурасының көтерілуіне орай 2018 жылдың 16 маусымынан бастап, уақытша Камзин көшесі 171 мекен-жайындағы «Керуен» (Караван) базасына көшіріледі.
Ет өнімдері сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін сатылады.
Қалған ауыл шаруашылық өнімдер бұрынғы Суворов көшесі 11 мекен-жайы бойынша сатылатын болады.

a2018 жылдың 26 мамырында «Баянтау» спорт сарайында  мемлекеттік қызметкерлер арасында ХVI облыстық спартакиада бағдарламасы бойынша волейболдан жарыс өтті. Жарысқа  «Павлодар қаласының ветеринария бөлімі» ММ қызметкерлері белсене қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша ветеринария бөлімі жеңімпаздар қатарына енді, мемлекеттік органдардың  үздік 13 волейбол командалары  арасында III орынды иеленді.