Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайттың жай нұсқасы

Павлодар қаласы және оның ауылдық аймағы адам мен жануарларға ортақ өткір инфекциялық және созылмалы аурулардан аман.

Павлодар қаласының ветеринария бөлімі қаладағы ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті шаралар қабылдауда.

Ертіс өңіріндегі жан-жануарларды қорғаушылардың қуанышында шек жоқ. Олай дейтініміз, еріктілер көп жыл бойы қордаланған мәселе әйтеуір шешімін тапты. Енді Павлодар қаласында қараусыз қалған үй жануарларына арналған мамандандырылған оңалту орталығы ашылады. Бұл аядай ғана бөлмені 30-ға жуық мысық паналайды. Жануарлардың көбін олардың жағдайына бейжай қарамаған тұрғындар әкеліп тапсырыпты. Қоғамдық ұйымның белсенділері ит-мысықтарды аяққа тұрғызып, емдеуге барын салуда. Ұйым мүшелері соңғы үш жылдың ішінде мыңдаған жануарға жаңа иесін тауып берген.

«Павлодар қ. ветеринария бөлімі» ММ-де «сенім телефоны» жұмыс істейді – 57-77-84

Мемлекеттік қызметшілерінің АР-НАМЫС Кодексін бұзған фактілері туралы хабарлау үшін бақылау кітабы 2 кабинетте бар

Павлодар қаласының ветеринария бөлімі» ММ қоршаған орта температурасының төмендеуіне (күрт салқындауына) байланысты етқоректі жануарлардың (түлкілер, қарсақтар және қасқырлар) ауылдар мен елді мекендерге және жеке меншік аулаларына енуі тіркелуіне  байланысты. Жабайы аңдардың үй жануарларын тістеуі, сондай-ақ, барлық үй және ауыл шаруашылығы жануарларының жат мінез көрсету болған жағдайда құтыру ауруының алдын алу мақсатында «Павлодар қаласының ветеринариялық станциясы» МКК 57-73-85 телефонына немесе +747 234 43 81 нөмірі арқылы «Павлодар қаласының ветеринария бөлімінің» ММ-нің WhatsApp мессенджері арқылы хабар беруіңізді сұрайды.

ҚҰРМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫЛАР

(сауда үйлердің, дүкендердің, сауда бөлімдерінің және т.б.)

Сатылымға түсетін Қазақстан Республикасында (ет және ет өнімдері, ысталған шұжықтар, сүт және сүт өнімдері, сары май, балық және балық өнімдері, бал, жұмыртқа және т.б.) өндірілген ет өнімдері ҚР АШМ ВБ және ҚК Павлодар облысының филиалының (Республикалық ветеринариялық лабораториясы) сараптама акті қосымшасымен (сынақ хаттамасы), ветеринариялық анықтамасы (көк түсті, форма 2)бойынша жүзеге асырылады.