Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайттың жай нұсқасы

28.05.182018 жылғы 26 мамыр күні «Баянтау» спорт сарайында мемлекеттік қызметшілер арасындағы ХVІ-шы облыстық спартакиадасының бағдарламасында волейбол бойынша жарыстар өткізілді. Жарысқа «Павлодар қаласының ветеринария бөлімі» ММ қызметкерлері белсене қатысты. Конкурстың қорытындысы бойынша, ветеринария бөлімі жеңімпаздар қатарына кіріп, мемлекеттік ұйымдардың 13 үздік волейбол командаларының арасында үшінші орынға ие болды.

korovaТөл диспепсиясы - жаңа туылған төлдердің ас қорыту және зат алмасу процестерінің бұзылуы салдарынан, ағзаның сусызданып, улануымен сипаталатын ауру.  5-7 күндік төлдер жиі ауырады.
Төл диспепсиясының басты себептерінің бірі, буаз сиырларды жеткіліксіз тамақтандыру болып саналады. Бұл төлдеуге 2 ай қалған – суалу кезеңінде, төзімділігі төмен төлдердің тууына, ақ уыз сапасының төмендеуіне  әкеліп соқтырады.

piroplАурудың маусымдық сипаты бар – шыңы мамыр-маусым айына келеді және қазан айына қарай төмендейді.  Мезгілі пироплазмозды тасымалдаушы - иксодты кенелердің өмірлік цикліне байланысты. Ауру, кене шағып алғаннан кейін, жануардың қанына кененің сілекей бездерінен пироплазмалар енгенде, жұғады. Қан жүйесіндегі патогендер зақымдай бастайды, дәлірек айтқанда - олар қызыл қан клеткаларының ішінде өмір сүреді және өмірлік циклінің нәтижесі - эритроциттердің өлуі  болып табылады. Әрине, эритроциттердің жаппай зақымдануы жануардың өлуіне  әкелуі мүмкін. Пироплазмоздың көрінісі кене шағып алған сәттен бастап 2-20 тәуліктен кейін басталуы мүмкін.

09.05.18 kaz

Жоба

Павлодар облыстық мәслихаттың

№ ____

ШЕШІМІ

Павлодар қаласы ________2018 жылы