Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайттың жай нұсқасы

07.02.19Бруцеллез – бұл тамырларды, жүйке және басқа да жүйелердің, әсіресе жиі тірек- қимыл аппаратының зақымдануымен сипатталатын жұқпалы ауру. Бруцеллез ауруымен жанауарлар мен адамдар бірдей ауырады.
Адамның ауруды жұқтыруы жолдары босану кезінде көмек көрсеткенде, түсік тастатқанда, сою және ұшаларды өңдегенде, жүнін қырқу, заттарды қолданғанда, жануарлардың залалданған бөлінділерінен, тағамға етті пайдаланған кезде, тиісті термикалық өңдеуден өтпегенде, қайнатылмаған сүт немесе шикі сүт өнімдерінен (сүзбе,ірімшік, т.б) болады, сонымен қатар ұсақ, ірі қара малдар және шошқалар бруцеллездің инфекциясын таратушылары болып табылады.

Бұл аурудың алу мақсатында қазіргі уақытта Павлодар қаласы және оның бес ауылдық аймақтарында Ленин кенті, Кенжекөл, Павлодарское, Мойылды, Жетекші ауылдарында ветеринариялық қызметкерлер 011 бағдарлама бойынша эпизоотияға қарсы іс-шаралар  жүргізу жұмыстарын бастады.
Бруцеллез анықталған жағдайда жануарды төлдерімен бірге санитариялық союға арналған ет өңдейтін кәсіпорынға  жібереді.
Жеке шаруашылықтардыңтұлғалары ауыл шаруашылық жануарларын аталған аурудың алдын алу мақсатындакелесі қағидаларды ұстануы қажет:
- ветеринариялық мекемеде жануарды тіркеуге және сырғаларға реттік нөмір алуға болады;
- ветеринариялық қызметтің рұқсатымен ғана сатып алуға, сатуға, союға тапсыруға, жайылымға, өріске орналастаруға және басқа да орын ауыстыруға болады;
- жаңадан сатып алынған жануарларды карантинде ұстау;
- бруцеллез ауруына күдікті жағдай болғанда ветеринариялық қызметті хабардар ету керек (түсіктер,өмірге қабілетсіз туылған төл);
- малды ұстағанда ветерианриялық қызметтің ұсыныстарын қатаң ұстану;
- азық-түліктерді қатаң белгіленген орындарда сатып алу (базарларда, дүкендерде);
- жеке тұлғалардан сатып алынған шикі сүтті қолдануға жол бермеу.
Ветерианриялық қызметтің ұсыныстарын, іс-шараларын қатаң орындау және білу бруцеллездің таралмауына жол бермейді.

Барлық ветеринариялық сұрақтар бойынша төменде көрсетілген мекен-жайлар бойынша жүгінуіңізге болады.
«Павлодар қаласының ветеринария бөлімі» ММ
Павлодар қаласы, Камзин көшесі 352/1
жұмыс тел.57 77 84
WhatsApp  +7 747 324 43 81

«Павлодар қаласының ветеринариялық станциясы» МКК
Павлодар қаласы, Камзин көшесі 352/1
жұмыс тел.57 73 85
ұялы т. + 7 7774619572,
сот. +7 7014624437.

«Павлодар қаласының ветеринария бөлімі» ММ
Бас маман – мемлекеттік ветерианриялық дәрігері
М. Исмағанбетов